Жители Ерейментау массово вступают в Народную партию Казахстана
Ерейментау тұрғындары жаппай Қазақстан Халық партиясына қабылданып жатыр
Жуырда Ерейментау қаласында ҚХП аудандық филиалының кеңсесі ашылып, партия қатарына қабылданған азаматтарға салтанатты түрде
партия билеті табысталды.
Аймақтарды аралау барысында Қазақстан Халық партиясының «Қызыл Автобусы» Ерейментау қаласына аялдады. ҚХП атынан Мәжіліске сайланған депутат Жамбыл Ахметбеков партияның жаңа мүшелеріне партбилеттерді
өз қолымен тапсырып, олардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қызыл Автобус Ақмола облысына кездейсоқ барған жоқ. Мұнда жергілікті билік жылдар бойы шешпеген мәселе жинақталып қалған. Сапасыз жол, су тапшылығы, жөндеуді талап ететін инженерлік желі сияқты проблемалардың түйіні күні бүгінге дейін тарқамаған.
Ерейментауда инфрақұрылымға қатысты шешілмеген мәселе көп.
Жергілікті мәдениет үйі әкімнің туыстарына сатылып, жекеменшікке өтіп кеткен. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бірнеше жылдан бері аяқталмай тұр. Қала тұрғындары әкімді көрмейді.
—————————————————
Жители Ерейментау массово вступают в Народную партию Казахстана
На днях в Ерейментау состоялось торжественное вручение партийных билетов и был открыт офис районного филиала НПК.
Красный Автобус Народной партии прибыл в город в рамках поездки по регионам. Депутат Мажилиса от НПК Жамбыл Ахметбеков лично вручил партбилеты новым единомышленникам и пожелал им удачи в дальнейшей работе.
Красный Автобус приехал в Акмолинскую область не случайно – здесь накопилось множество вопросов, которые годами не решают местные власти. Это разрушенные дороги, перебои с водой, инженерные сети, требующие ремонта и т.д. В самом Ерейментау тоже хватает инфраструктурных проблем. Местный Дом культуры продан в частные руки родственникам акима, строительство физкультурно-оздоровительного комплекса тянется уже не первый год. Самого акима горожане в глаза не видели.