Брендтер тарихы: Бутя - Капитал

Бутя – Қазақстан тәулесіздік алған жылдары ашылған ең алғашқы холдингтрдің бірі.
Болат Әбілов (титр)
Сегіз баланың ортасында өскен Болат Әбілов бизнес жолына бастаудан бұрын бірнеше жыл бойы шахтада жұмыс істеді. Өз қаласындағы белгілі партияға мүше болып, саяси белсенділер қатарында болады, қызметте де көтерілді. 1991 жылы «Butya» фирмасын ашады да, бас директор қызметіне кіріседі. Болат Әбіловтың аты тек бизнесмендікпен ғана шектелмей, меценат және оппозиционер ретінде халық алдында танылды. Сонымен қатар, оның есімі қаржы махинацисы мен 3,5 млн доллар көлемінде салық төлемеді деген айыппен аталды.

Компания құрылған сәттен бастап, халық арасында үлкен танымалдықа қол жеткізді.
1993 жылы. Компания алғашқы ресми келісім шартты 1993 жылдың желтоқсанында «Toyota Tsusho Corporation» сауда үйімен жасайды
1994 жылы. Ресми келісім шарттан кейін араға бірнеше ай салып, Бутя компаниясы арқылы Қазақстан жерінде тұңғыш рет Toyota автокөліктері сатыла бастады.
1995 жылы. «Бутя Капитал» инвестициялық-жекешелендіру қоры «Ақтөбемұнайгаз» АҚ салымшыларының әрқайсы 20 теңге тұратын 360 мың акцияны сатып алды. Бағалы қағаздар эмиссиясының кезекті тіркеуінде бір акцияның құны 1500 теңгеге дейін қымбаттап, 1995 жылдың 30 қыркүйегінде компаниядағы қор акциясы 540 млн теңгеге жетеді.
1997 жылы қазанда «Бутя көлік орталығы» құрылғаннан кейін компанияның негізін қалаушы Болат Әбілов саясатқа араласа басайды. Бұл істің ақыры 2001 жылы Әбіловтың бүкіл байлығын тастап, парламент мәжілісіне депутат болуымен аяқталады.
Ол XXІ ғасырдың алғашқы он жылдығында әр түрлі оппозициялық топтарға қаржылай қолдау көрсетті. Оның ішінде 2005 жылы президенттік сайлауға түскен Жармахан Тұяқбаев та болды. Біраға араға біраз уақыт салғанна кейін болат Әбілов президенттік сайлауда Тұяқбаевты қолдағаны үшін өкінетінін мойындады.
2005 жылы Бутяның-Капитал қорының есеп-шоты тоқтатылған кезде 25 мыңнан астам адам 27 млн теңге көлеміндгі дивиденттерін ала алмай қалды. Себебі, кейбіреуі аты-жөнін қате жазса, енді біреуі мекен-жайын дұрыс көрсетпеген екен. Ал қалған 457 мың ационері өз дивидентерін алып үлгерді.
Жалпы Бутяның құрамында 19 компания жұмыс істеді. Олардың қатарында шетелде және Қазақстанда жұмыс істеген ірі кәсіпорындар да бар еді. Ең қызығы Бутя Ресейдегі ең танымал Поле Чудес бағдарламасын қаржыландырған алғашқы ресейлік емес компания. Сондай-ақ, Бутяның логотипі ғарыш зымырынанда да бейнеленді.
7kun.kz булат абилов Бутя Бутия - Капитал Бутия финанс
0 комментариев