Тимур соңғы үш жылдан бері күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Әйелі көзіне шөп салып жүр ме деген күдік оны мазаның шырмауына матады. Бірақ, сүйген жарының сатқындығын әшкере етер нақты дәлелі жоқ. Аппазов ауысыммен жұмыс істейді. Сондықтан, үйге ат ізін сирек салады. Бір жолы пәтеріне оралғанда, әйелі оны у-дай мас қарсы алған. Тимурдың бір ақ күнде сабыры сарқылып, ашуға мінді. Өйткені, порносайттардың бірінде өзінің әйелінен аумайтын келіншекті кездейсоқ көзі шалған.