Қанша жылдан бері белгілі бір топ билік пен халықтың арасын ашуға тырысып, сол мақсатта жұмыс істеді. Және олардың арандатуына көп адам ерді. Тіпті қоғамда билікті жақтаған адам - дұшпан, ал билікті жамандаған адам - қаһарман саналатындай түсінік қалыптасты. "Басшыға бағыну керек" деп айтатын діндарлар мен молдаларға қоғам дұшпан көзбен қарай бастады. Елбасы Назарбаевті бірінші жау көрді. Оның билікте қалуын сынады. Президент Тоқаевтің билігін мысқылдап, мазаққа айналдырғысы келді. Сөйтсем оның бәрі кешегі "әскери бүлік" жасау үшін (военный мятеж) және "мемлекеттік төңкеріс" ұйымдастыру үшін қоғамды алдын-ала моральды-психологиялық тұрғыда дайындау екен ғой, түйгенім.
Осыдан бірер жыл бұрын, кей басылымдарда Орта Азияда да "араб көктемі" (араская весна) сценариясы жүзеге асады деген дақпырт әңгіме жүрді. Кешегі еліміздегі орын алған бүлік соның бастамасы ма, деген қорқынышты ой кетпеді. Елдігіміз үшін уайымдадым. Осылай бәріңіз уайымдадыңыз деп ойлаймын. Мұның артында кім тұрғаны жөнінде ақылға үш түрлі ой келеді...
Кім тұрғаны қазір аса маңызды емес. Болар іс - болды. Маңыздысы бүгінгі қазақ халқының парасаттылығын жоғалтпай, әр нәрсеге байыппен қарай білуінде. Әркімнің айдауына жүре бермеуіміз тиіс. Түрік халқынан үлгі алуымыз керек сияқты. Түркияда қанша уақыттан бері инфляция қамыты салынып, ақшаларының құны төмендеп, қымбатшылық қысып, доллар шарықтап жатса да, және де бүкіл әлеуметтік желісі мен ютуб каналында Ердоғанға қарсы агитация жасалып жатса да, елде көтеріліс болып жатқан жоқ (тіл-көзім тасқа). Неге? Халқының ынжықтығы немесе жуастығынан ба? Жоқ, олай емес. Халқы түсініп отыр - қазіргі таңда көтеріліс жасаудың мемлекет пен елге еш пайдасы жоқ екенін және көтеріліс бір тұтанса, сыртқы және ішкі дұшпандар бірден әрекетке көшетіндігін түсініп отыр халқы.👇👇👇⤵️ #Көтеріліс #2023 #бастыжаңалықтар # котерилис #жанаозен #казакстан #көтеріліс #астана #мұнайшылар #жаналықтар #новости #бүгінгіжаңалықтар #хит #ютуб #көтеріліс 2023 #новости